Жаңалықтар

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

Қазақ балуаны Демеу Жадыраев Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты. Отандасымыз бірінші белдесуінде колумбиялық Джейр Куеро Муньосты жарыс жолынан шығарды. Грек-рим күресінен 77 килоға дейінгі салмақта боз кілемге шыққан отандасымыз Олимпиаданы сәтті бастады. Қарсыласын 9:0 есебімен айқын жеңіп шықты. Ширек финалда Демеу Жадыраев қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен белдеседі. Қарсыласы екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Барлық жаңалық