Жаңалықтар

Бостандық ауданындағы жала жабу ісі: 7 ай өтсе де әділдік орнаған жоқ (ВИДЕО)

Бостандық ауданының әкімі Алиннің қоғамдық белсендіге әмиян ұрлады деген айып таққанына тура жеті ай өтті. Алайда, осы уақыт ішінде бірде-бір нақты дәлел ұсынылмады. Бұл жағдай қоғамда әділетсіздік пен заң үстемдігіне күмән тудырып отыр деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Аудандық полицияның бұл іске бей-жай қарауы немесе әрекет ете алмауы – қоғамда құқық қорғау органдарына деген сенімнің төмендеуіне әкеліп отыр. Көпшілік арасында «бұл іс әдейі тоқтап тұр», «жоғарыдан қолдау болған» деген пікірлер жиі айтылуда. Айыптаудың негізсіз екені, тіпті, жала жабу бабы бойынша қаралуы мүмкін екені анық көрініп тұр. Алайда, заң жүзінде ешқандай қозғалыс байқалмайды.
Барлық жаңалық