Ресей мен Украина арасында қарулы қақтығыс басталғаннан кейін қытайлық сатып алушылар мен несие берушілер Ресей Федерациясынан шикізат жеткізуден жалтарған. Оның ішінде көмір мен мұнайды жеткізу, деп хабарлайды “ozgeris.info” тілшісі.
Bloomberg мәліметінше, қытайлық компаниялар өздері де «санкция тұзағына» түсіп қалуы мүмкін деп қауіптенеді.
Ал Австралия өзінің глинозем, алюминий рудалары мен бокситтерін Ресейге экспорттауға тыйым салып үлгерді. Бұл ретте ел Украинаға 70 мың тоннаға жуық көмір тасымалдауға дайын.
Багам аралдарының Орталық банкі олардың Ресейге тиесілі шамамен 3 миллиард доллары бар екенін айтты. Банктің пікірінше, бұл — депозитарлық және сенімгерлік активтер.
“ozgeris.info” порталы
ПІКІР ЖАЗУ