Бибісара Асаубаева Әзірбайжанда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті

Бибісара Асаубаева
Фото: https://www.instagram.com/bibisarachess/

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Әзербайжанда өткен «Baku Open 2024» турнирінде 1-ші орынға ие болды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Сүйінші жаңалықты ол Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Baku Open 2024» шахмат турнирі аяқталып, әйелдер арасында 1-ші орынға ие болдым! Қымбатты жазылушыларым, маған сенім білдіріп, қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғыс білдіремін, сіздер ең үздіксіздер», — деп жазды шахматшы.

Шахматтан халықаралық турнир Әзербайжан астанасында 28 маусымнан бастап өтті. Қазақстандық шахматшы турнирдің жалпы есебінде 19-шы орынды иеленді, әйелдер санатында жеңіске жетті. Турнирдің жалпы жүлде қоры 50 мың долларды (шамамен 23 миллион теңге) құрады. Әйелдер арасында бірінші орын үшін Бибісара Асаубаева 1,5 мың доллар (720 мың теңге) ұтып алды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…