Белгілі қазақстандық кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Владимир Жуманбаев
Фото: kazakhmys.kz

Кәсіпкер қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Асанбекпен (Қамшыбек Көлбаев) байланысы бар және оның ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырды деген күдікке ілінген еді

Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті танымал қазақстандық кәсіпкер Владимир Жуманбаевқа қатысты қылмыстық істі тоқтатты, деп хабарлайды Ozgeris.Info Sputnik Қырғызстан телеграм арнасына сілтеме жасап.
Жұманбаев құқық қорғау органдары ұстаған қылмыс әлемінің серкесі Қамшы Көлбаевпен байланысы бар және ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландырды деген күдікке ілінген еді.
Арнайы қызметтің мәліметінше, 19 маусымда кәсіпкер Қырғызстанға барып, тергеу амалдарына қатысқан.
Тағылған айыптар алынып тасталып, іс жабылды, деп қорытындылады Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті.