МАҢЫЗДЫ

Астанадағы заңсыз қоқыс алаңы жойылды: белсенділер бастамасы нәтиже берді

2025 жылдың сәуірінде «Жаңа адамдар» қозғалысының

[caption id="attachment_49914" align="alignnone" width="1024"] видеодан кадр[/caption]

белсенділері Астанадағы Ұлы Дала даңғылы бойында орналасқан «Айва» тұрғын үй кешенінің жанынан заңсыз қоқыс алаңын анықтады. Бұл жерге белгісіз адамдар құрылыс пен тұрмыстық қалдықтарды ұзақ уақыт бойы әкеліп, төгіп отырған. Тіпті қоқыс топырақпен араластырылып, көмілген. Соның кесірінен бұл аумақта көл жойылып, экологиялық апат қаупі туындаған.

Белсенділер бұл жағдайды БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жариялап қана қоймай, әкімдікке ресми түрде жүгініп, мәселені шешуге ықпал етті. 23 сәуірде «AntiTrash Астана» бастамасының аясында олар Есіл ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Жұмабайұлымен бірге оқиға орнына барып, тазалау жұмыстарына тікелей араласты. Бірнеше күн ішінде шамамен 70 000 шаршы метр аумақ тазартылып, КАМАЗ көліктері қоқысты күн сайын шығарып жатыр. Жауапты мекемелер іске кірісті — бұл нақты өзгерістің белгісі.

«Жаңа адамдар» қозғалысының мүшесі Бауыржан Аманов бұл оқиғаның елдегі жүйелі мәселеге назар аудартатынын атап өтті:

«Мұндай қоқыс үйінділері тек Астанада ғана емес, бүкіл елде бар. Бұл — адамдар елге жеке жауапкершілікпен қарамағанының нәтижесі. Егер бәріміз елімізге өз үйіміздей қарамасақ, ештеңе өзгермейді».

Белсенділер бұл жұмысты тоқтатпайды. Олар әр екі апта сайын аумаққа қайта келіп, тазалау үдерісін бақылауда ұстайды. Өйткені нақты өзгеріс тек ортақ күшпен ғана жүзеге асады.

Барлық жаңалық