Жаңалықтар

Астанада Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді

17-21 сәуір аралығында Астанада "Eurasian Book Fair" Еуразиялық Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды. "Eurasian Book Fair" – еуразиялық кеңістіктегі ірі мәдени-ағартушылық іс-шара. Ол бір үлкен зияткерлік платформада Еуропа мен Азия елдерінің баспа, кітап сату, ғылыми-білім беру және полиграфиялық компанияларын біріктіреді. Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен "Фолиант" баспасы ұйымдастырады. "Eurasian Book Fair" кітап көрме-жәрмеңкесінің негізгі мақсаттары мен міндеттері: - Еуразия кеңістігі мемлекеттерінің мәдениетін, әдебиетін және кітап шығарудың түрлі салаларын дамыту саласындағы жетістіктерін көрсету; - халықаралық мәдени, іскерлік байланыстарды нығайту және рухани-адамгершілік ағарту, білім беру және мәдениет саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және кәсіпкерлік құрылымдардың белсенді ынтымақтастығын дамыту; - кітапты насихаттау, оқуды қолдау, дамыту және насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру; - әлеуетті оқырмандар мен сатып алушыларға жетекші баспалардың кітап өнімдерінің үздік заманауи ассортиментін, кітап шығару және полиграфия саласындағы жаңа технологияларды ұсыну. Көрме-жәрмеңке 17-21 сәуір аралығында Гейдар Әлиев көшесі, 12, Конгресс орталығында өтеді. Фото: gov.kz
Барлық жаңалық