Астанада 37 үй заңсыз салынғаны белгілі болды

Фото: photoxpress.ru

Астана прокуратурасының қызметкерлері тұрғын үйлердің заңсыз салынғанын анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілішсі CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда аумағында барлығы 37 көппәтерлі тұрғын үй заңсыз салынып жатыр. Олардың кейбіреулері үлескерлердің ақшасын тартады.

«Биыл ӘҚБтК-нің 320-бабы бойынша 64 құрылыс нысаны бойынша 51 құрылыс салушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 12 құрылыс салушыға қатысты қылмыстық істерді тергеуде», — делінген хабарламада.

Астана прокуратурасы үлескерлердің қаражатын мынадай тәсілдердің бірімен тартуға болатынын еске салады:

  • Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігін алу;
  • жобаға екінші деңгейдегі банктің қатысуы;
  • ғимараттың қаңқасын тұрғызғаннан кейін үлескерлердің ақшасын тарту.
  • «Азаматтардың ақшалай қаражатын өзге тәсілдермен тартуға тыйым салынады: алдын ала брондау шарты, резервтеу, инвестициялау, талап ету құқығын беру шарттары», — деп нақтылады қадағалау органында.

Құрылыс салушының пәтер сатып алу алдындағы сенімділігін салынып жатқан нысандар бойынша кепілдік беру туралы шарттар тізілімінен тексеруге болады. Сондай-ақ, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы берген кепілдік сертификатын көруге болады.