«Асағам»: Мейрамбек Беспаев Асанәлі Әшімовке ән арнады

Әнші Мейрамбек Беспаев аты аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовке ән арнады. Әннің видеосы Instagram желісінде жарияланды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Мейрамбек Беспаев өнердегі әріптесі Ғазизхан Шекербековпен бірге «Достарға» әнін Асанәлі Әшімовке арнап өзгерткен. Мейрамбек әнін орындай отырып, аңыз адамның маңдайынан сүйіп алды.

«Бір жауым мені күлкі қылғанда, мен үшін көкем жылап тұрады. Дұшпанға деген кетер бұл өкпе, достардың сөзі жетер жүрекке. Бір жауым мені жер қылған кезде, Асағам мені көтерді көкке», — делінген әннің сөзінде.