Театр директоры, белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов Театр ұстанымына байланысты «Балалар жылы аясында Біздің «Алатау» театры аз жұмыс атқарған жоқ. Атап айтатыны, жылдың басын «Әгугай мен Игигай» ертегісінің премьерасымен бастадық. Жыл соңында да балаларға арналған ерекше үлгідегі, бұрын-сонды болмаған сахналық безендірілудегі «Гүлдер хикаясы» деген ертегінің премьерасымен аяқтағалы отырмыз. Яғни жыл бойы арнайы түрде балаларға бағытталған шаралар үздіксіз жүргізіліп отырды. Біршама мектептермен меморандум жасастық. Мектептерде кездесулер өткіздік. Биыл Ахмет Жұбанов атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатының есеп беру концерті бізде өтті. Бұл да мектеп жасындағы балаларды өнерге баулу, сахнаға үйрету, оларды осы жолда тәрбиелеу мақсатындағы жұмыстар. Абай атындағы республикалық мамандандырылған мектеп-интернатымен бірлесіп, қаншама республикалық, қалалық айтыстар өткіздік. Тек балалар жылында ғана емес, басқа уақытта да ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, қайырымдылық шаралары болсын, кино болсын, балаларға бағытталған нәрселерді еш мүлт жібермеуге тырысамыз. Өйткені бала біздің болашағымыз. Биылғы гастрөлдік сапардың өзінде де біз міндеттеп, «Әгугай мен Игигайды» апардық. Қай жерге барсақ та, көрермендері басқа қойылымдарға қарғанда көбірек болды. Театр бала тәрбиесіне қатысып жатыр», – дейді.Еліміздің ертеңі жарқын болғай!
Қуаныш Жұмабекұлы «Алатау» дәстүрлі өнер театры Әдебиет бөлімінің меңгерушісі