Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары өңір мектептерін тексеріп, көптеген заң бұзушылықты анықтады.
Бүгін СҚО прокуратурасы ведомствоаралық кеңес өткізіп, оған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары, білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Тақырып – 2022-2023 жылдардағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысының қорытындысы.
Тексеріс барысында жүйелі түрде болған заң бұзушылықтар анықталды. Соның ішінде кәмелетке толмаған балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізетін комиссияның тек қағаз жүзінде ғана өз міндетін атқарған.
«Айыртау ауданындағы бастауыш сынып мұғалімі жалған дипломмен жұмыс істеп келгендігі анықталды. Прокуратураның сұрауымен диплом жоғары оқу орнында расталмады. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ сотқа дейінгі тергеу уақыттың өтуіне байланысты тоқтатылды. Бірнеше жыл заңсыз жұмыс істеп келген мұғалім жұмыстан шығарылды. Осындай жағдайға жол берген мектеп әкімшілігі де жазасыз қалмайды», — дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Виктор Найда.
Облыстың кей мектептерінде терроризмге, өртке қарсы және санитарлық талаптар сақталмаған. Енді заң бұзушылықтар анықталған мектептерде олардың директорлары мен жауапты тұлғалар әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ.
ПІКІР ЖАЗУ