МАҢЫЗДЫ

Қазақстанда дәрі бағасы шілдеге дейін төмендейді – министрлік

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 1 шілдеге дейін қайта қаралады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаевтың СЦК-дегі брифингіне сілтеме жасап. Оның айтуынша, Денсаулық сақтау министрлігіне бағытталған сыннан кейін баға белгілеу үлгісін өзгерту қажеттілігі туындаған.

– Баға белгілеу моделі өзгертілді. Біз негізсіз деп саналған кейбір үстеме бағаларды — маркетингтік, көлік, кеден қызметтері үшін қосылатын үстемелерді алып тастадық. Қазір үстеме тек өндірушінің тауар құнына қосылады. Бұл модель сынақтан өтті. Қазақстан аумағында тіркелген барлық дәрі-дәрмек бойынша 1 шілдеге дейін қайта есептеу жүргізіледі, – деді Нұрлыбаев.

Вице-министрдің сөзінше, министрлік жаңа модельді сынақтан өткізу бойынша фармацевтикалық қауымдастықпен белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

– Біз мемлекеттік медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ГОБМП) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) аясындағы дәрі бағасы шамамен 19 пайызға, ал көтерме және бөлшек саудада шамамен 30 пайызға төмендейді деп күтіп отырмыз. Жаңа әдіснама бойынша шекті бағалар моделдеу аяқталған соң азаматтарға қосымша ақпарат береміз, – деді ол.
Барлық жаңалық