Жаз мезгілінің басталуымен бірге Қазақстанда көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа талап күшіне енді. 1 маусымнан бастап елімізде қысқы шиналарды қолдануға ресми түрде тыйым салынды. Бұл талапты орындамағандар үшін айыппұл көзделген, деп жазады Ozgeris.info.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 590-бабы, 5-тармағына сәйкес, көлік құралдары маусымға сай шиналармен жабдықталуы тиіс. Яғни, маусымнан тамыздың соңына дейін қысқы дөңгелекпен жолға шығу – заңбұзушылық. Әсіресе шегелі шиналарға ерекше назар аударылған. Олар тек тиімсіз ғана емес, сонымен бірге асфальттың тозуына себеп болады.
Қарсы талапты бұзған жүргізушілерге салынатын айыппұл мөлшері: fлғаш рет ереже бұзса – 5 АЕК, яғни 19 145 теңге (2025 жылғы есеп бойынша); Бір жыл ішінде қайталанса – 20 АЕК немесе 76 580 теңге.
Мамандардың айтуынша, жаз мезгілінде қысқы дөңгелекпен жүру көлік қауіпсіздігіне кері әсер етеді. Қысқы шина жұмсақ болады, ал ыстықта ол тез қызады да, тежелу жолын ұзартады, көліктің басқарылуын қиындатады. Сондықтан бұл талап тек жол ережесін сақтау ғана емес, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау жолы.
Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап елде жүк көліктеріне де белгілі бір шектеулер қойылды. Ауа температурасы 25 градустан асқанда, ауыр жүк көліктеріне күндізгі уақытта кейбір тас жолдармен жүруге тыйым салынады. Бұл шаралар жол жамылғысының тозуына жол бермеу үшін қабылданған.