Жаңалықтар

28 градусқа дейін аяз болады – синоптиктер

Қазгидромет 2022 жылдың 17-19 наурызына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік жартысы солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты аязды, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде термометр бағандары 20...28 аязға дейін жетеді. Елдің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді, жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі, көктайғақ және ауа температурасының күндіз 0...10 жылуға дейін, түнде 0...10 аязға дейін төмендеуі күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады»,– делінген хабарламада.
Барлық жаңалық