Жылқының бағасы доңыздан төмен – депутат Аманжол Әлтай

Аманжол Әлтай
Фото: parlam.kz

Депутат Аманжол Әлтай төрт түліктің төресі жылқының бағасы доңыздан төмен, ал жылқының сүті ешқандай бағалаусыз-бағасыз болып бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Мәжілісмен жылқы сүтін өндіру және оны тереңдетіп өңдеу арқылы қазақ халқының брендіне айналдыруға мүмкіндік барын айтты.

Елімізде Молодежныйдағы шағын зауытты қоспағанда, жылқы сүтін өңдейтін бір де бір зауыт жоқ. Жылқы сүтін өңдейтін зауыт салу жоспарда бар ма? – деп сұрады депутат.

Аталған сауалға ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров шынында да саумалды өткізу жағы ақсап тұрғанын айтты.

Әр облыста бие сауып, онымен айналысып жатқан біраз азамат бар. Бірақ олар саумалды Еуропаға өткізу мәселе болып отырғанын айтуда. Қазір Қытайға өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Сұраныс болса, зауыт салуға ниет білдірген біраз адамдар бар, – деді Сапаров.

Айта кетейік, жылқының басы 4 миллионға көбейген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины просто испаряются! Намажьте лицо перед сном этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом