Жаңалықтар

Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын Ресейлік компания салмақ

Қазақстанда салынатын алғашқы атом электр станциясының (АЭС) бас мердігері ретінде Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы таңдалды. Бұл шешімді арнайы құрылған ведомствоаралық комиссия қабылдаған, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Anyqtime.kz сайтына сілтемемен. 

 

Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, «Росатом» ұсынған жоба техникалық және экономикалық тұрғыдан еліміз үшін ең тиімді нұсқа ретінде танылған.

 

«Комиссия барлық ұсыныстарды жан-жақты саралап, Қазақстан үшін ең оңтайлы шешім ретінде ресейлік жобаны таңдады», – делінген агенттік таратқан ресми хабарламада.

 

Қазіргі таңда жобаға қатысатын өзге консорциум мүшелері нақтыланған жоқ. Олардың тізімі алдағы уақытта жарияланатын болады.

 

Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу бастамасы — елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, электр энергиясына деген артып келе жатқан сұранысты өтеуге бағытталған маңызды қадам.

Барлық жаңалық