Жәнібек Әлімханұлы ауруханаға түсіп, жекпе-жектен бас тартты

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Бұл туралы кәсіби бокс матчтарын ұйымдастырушы Top Rank Boxing америкалық промоутерлік компания хабарлады.

«Жәнібек Әлімханұлы бейсенбі күні кешке әбден әлсіреген күйде (салмақ қуу салдары) ауруханаға түсті. Осыдан кейін алдағы сенбіде Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында Андрей Михайловичке қарсы өтуі тиіс жекпе-жегі болмайтын болды. Ол бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды», –делінген хабарламада.

Әлімханұлы — Михайлович жекпе-жегі жексенбі, 14 шілдеде өтуі керек еді. 31 жастағы қазақстандық Лас-Вегаста орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін (15-0, 10 KO) қорғауы тиіс болатын.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите