Жаңалықтар

Ақтаудағы түзету орталығында қызметкер ерекше баланы аяусыз ұрып-соққан

Ақтаудағы түзету орталығында қызметкер ерекше баланы аяусыз ұрып-соққан

Ақтаулық тұрғын түзету орталығында ерекше балаға қатыгездік көрсетілгені туралы шағымданды, деп хабарлайды ozgeris.info.

Ақтау тұрғыны Раиса Маратқызы ерекше қажеттілігі бар баласына қатысты «Victory-A» түзету орталығының қызметкерлері тарапынан күш қолданылғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, баласының денесінде бірнеше рет көгерген дақтар пайда болып, ол бейнекамера жазбаларын қараған.

Сол сәтте қызметкерлердің балаларға қол көтерген сәттерін байқаған.

Үсті көгеріп келу, сабаққа барғысы келмеу себебін камера ашып қарап анықтадым. Жаттықтырушылар ерекше балаларға әлімжеттік жасайды, ұрады, жұлқиды, мазақ етеді бастысы ешқандай сабақ өтілмейді. Админ қыз да жаттықтырушы ағайлары да телефондарынан бас көтермейді тіпті психолог ханым сабақ үстінде тамақ жеп, телефоннан кино қарап отырды. Баламды жерге жатқызып ұрып, ішінен теуіп жіберіп ары қарай телефон шұқылап отырған жерін де түсіріп алдым, - деп жазды ашынған ана. 

Сондай-ақ, ол полицияға арыз жазған. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Арызданушының барлық уәждері тексеріліп, бейнебақылау камераларының жазбалары мұқият зерделенуде. Сонымен қатар мекеменің барлық қызметкерлерінен жауап алынуда. Бұдан бөлек, тиісті уәкілетті органдар - білім беру және денсаулық сақтау басқармаларына олардың құзыреті шеңберінде қажетті шараларды қабылдау үшін ұсыныс жолданатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалық