Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметовтің ата-анасын құттықтады

Фото: Жамбыл облыстық әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Елдос Сметовтің шаңырағына барып, ата-анасын құттықтап, құрмет көрсетті, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Облыс әкімі Елдостың Жақсылық Үшкемпіровтің 44 жыл бұрынғы жетістігін қайталағанын алға тартты.

Айта кетейік, Елдос Сметов төртжылдықтың басты додасында елімізге алғашқы алтынды сыйлап, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Елдос – ел сенімін ақтап, барша қазақстандықтардың, жанкүйерлерінің мерейін асырды. Әулиеата жұртының абыройын асқақтатты. Даңқты спортшы, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың аңсаған арманын орындап, жеңісін 44 жылдан кейін қайталады.

«Алып анадан туады» деген қазақта аталы сөз бар. Елдостың елдің баласы атанып, байрақты бәсекелерде топ жаруына ата-анасының сіңірген еңбегі, тәлім-тәрбиесі, жанұясының қолдауы зор, – деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев чемпион ұлды тәрбиелеп, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді.

Елдос Сметовтің ата-анасы Бақтыбай және Тоқтагүл Сметовтерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін, жарына Құрмет грамотасын табыстады.

Өз кезегінде спортшының ата-анасы мемлекет және облыс басшылығына, барша жанашыр жанкүйерлерге деген ризашылықтарын жеткізді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…