Шоу-бизнес

"Сіз деп сөйлеймін": Нұржан Төлендиев келіні туралы айтты

Танымал актер Нұржан Төлендиев келінді болған еді. Әзілкеш алғаш рет қайын ата болудың қызығымен бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бұл туралы ол Хабар телеарнасындағы «Қызық Times» бағдарламасында айтты.

«Двойной ата, қызымнан немерем бар, жақында ұлым үйленді. Келін түсіргелі жатырмыз, бірінші рет қой енді. Ал мен ұйқыбаспын негізі. Сөйтіп екінші қабаттан түсіп бара жатсам, келінім сәлем салды, сөйтсем мен: «Рахмет» дегем ғой.

Сөйтсем «көп жаса» деу керек еді. Бастарыңа келсін.

Күшті болып қалды бірақ үйде, келіншегіме сіз деп сөйлеп, ой айналайындар деген әңгіме кетіп. Шай ішіп болсаң, рахмет деп тұрып кетесің. Шортымен жүрмейміз, бәрі қалды, театр театрымен, үйде кәдімгі әкемін ғой», - деп күлді әзілкеш.

Барлық жаңалық