Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
19 жастағы курсант 12-қабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Оқиғаға қатысты Алматы полиция департаменті түсініктеме берілді.
«Осы факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Себеп пен мән-жайлар белгіленеді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, осыған дейін Петропавлда үйлердің бірінің жертөлесінде қорғаныс істері департаментінің келісімшарт бойынша жұмыс істейтін әскери қызметшісінің денесі табылған.
ПІКІР ЖАЗУ