🌐 Әлем

Түркия мен Ұлыбритания жаңа әскери келісімге қол қойды

Түркия мен Ұлыбритания арасында Eurofighter Typhoon жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтемемен, Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігінің ресми мәліметіне сілтеме жасап.

 

Аталған келісім Анкара мен Лондон арасындағы қорғаныс саласындағы әріптестіктің жаңа кезеңге өткенін білдіреді. Министрлік мәлімдемесінде Eurofighter Typhoon жойғышының қазіргі заманғы соғыс жағдайына толық сай келетін, жоғары тиімділікке ие әскери әуе техникасы екені айтылған. Бұл жойғыштар қазіргі уақытта НАТО-ның бірнеше мүшесі — Германия, Ұлыбритания, Италия және Испания қарулы күштерінде қызмет етуде.

 

Анкара бұл қадамға АҚШ-пен арадағы F-16 ұшақтарын жеткізуге қатысты келісімнің кешеуілдеуіне байланысты барып отыр. Бұған дейін Түркияға F-16 ұшақтарын сату жоспары мақұлданғанымен, АҚШ Конгресіндегі саяси және бюрократиялық кедергілер келісімді жүзеге асыруға кедергі болды. Осы жағдайдан кейін Түркия балама нұсқаларды қарастырып, Еуропамен әріптестікті таңдады.

 

– Қазіргі халықаралық ахуал тұрақсыз әрі өзгермелі. Мұндай жағдайда біз өз Қарулы күштеріміздің қуатын арттыруға тиіспіз. Eurofighter - заманауи әскери талаптарға толық жауап беретін сенімді және қуатты ұшақ, – деп атап өтті министрлік өкілдері.

Барлық жаңалық