Аяғынан айырылған 8 жастағы қыздың отбасына баспана беріледі
Астанада болған ауыр жол апаты елдің еңсесін түсірген еді. Қоғамдық көлік жол бойындағы темір бағанға соғылып, салдарынан 15 адам жарақат алған. Бірақ олардың арасында ең қатты зардап шеккен – алдыңғы орындықта отырған 8 жастағы бүлдіршін. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, ақыры аяғын кесуге мәжбүр болды. Осы қайғылы жағдайдан кейін қоғамда үлкен резонанс туындады. Билік те үнсіз қалмады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қыздың отбасына жан-жақты көмек көрсетілетінін ресми түрде мәлімдеді, деп жазады
07:36, 09 маусым 2025