Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Даурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметін атқарған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Даурен Қосанов 55 жаста. Ол Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін (1990 жылы), Ю.А. Гагарин атындағы Әуе күштері әскери академиясын және Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясын бітірген. Әскери мансабы барысында ол Қарағанды авиабазасының штаб бастығы, Шымкент авиабазасының командирі, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы, Ақтөбедегі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының директоры, сондай-ақ Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымдарын атқарған.