Жаңалықтар

Түркістанда 16 жастағы қызды зорлап, артынан өлтіріп тастаған

Қоғамдық «НеМолчи» қорының мәліметінше, Түркістан облысында 16 жастағы қыздың зорланып, кейін қаза тапқаны туралы ақпарат түскен. Бұл туралы қордың Telegram-арнасында хабарланды, деп жазады ozgeris.info сайты ALASH.KZ сайтына сілтемемен.

 

Қордың хабарлауынша, оқиға 6 маусым күні Төрткүл ауылында орын алған. Белгісіз дереккөзден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, қыз өз отбасына тиесілі дүкенде жұмыс істеген. Үйіне қайтып бара жатқанда бірнеше адамның шабуылына ұшырап, зорлық-зомбылық құрбаны болған. Қор күдіктілердің шетелдік еңбек мигранттары болуы мүмкін екенін атап өтті.

 

«Оқиғаның толық мән-жайы бізге белгілі, алайда қазіргі уақытта тек осы ақпаратты бөлісе аламыз. Біз бұл деректі бірнеше тәуелсіз дереккөзден алдық. Ресми органдардан бұл ақпаратты растауды немесе теріске шығаруды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.

 

CMN.KZ редакциясы аталған жағдайға байланысты Түркістан облыстық Полиция департаментіне ресми пікір беру туралы сұрау жолдады. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты ресми мәліметтер жарияланған жоқ.

Барлық жаңалық