Жаңалықтар

"Мүлдем ұйықтамайды": Автобус апатынан кейін аяқсыз қалған бүлдіршіннің жағдайы айтылды

"Мүлдем ұйықтамайды": Автобус апатынан кейін аяқсыз қалған бүлдіршіннің жағдайы айтылды

Астанадағы автобус апаты салдарынан аяғынан айырылған 8 жасар қыздың ағасы әлеуметтік желідегі парақшасында Алуаның жағдайы туралы жазды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оның айтуынша, Алуа үнемі жылайды.

“Мүлдем ұйықтамайды. Күндіз де, түнде де. Сәл мызғып алсын деп дәрі беруге тура келеді. Сондай-ақ үнемі жылайды. Жылап, “аяғым қайда?” деп сұрайды. Бұл сұрағы біз үшін азаппен тең. Жалпы жағдайы қалыпты”, – деп жазды Алуаның ағасы.

Сонымен қатар балалар омбудсмені Динара Закиева Алуаның жағдайын білуге барды.

“Алуашқа бардым. Анасымен бірге оңалту мен протездеу мәселелерін талқыладық, кішкентай қызбен сөйлестік, кітаптар оқыдық. Ол біраз пицца жеді, үнемі көтеріп жүруді немесе далаға шығуды сұрайды", – деді Закиева.

Омбудсмен Алуаның отбасына қатысты мәселелер Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің бақылауында болатынын атап өтті.

Барлық жаңалық