«Салық реформасында көрінбей қалған көлеңке»: Жеңілдіктен айырылған ел кімге үміт артады?

Фото: ozgeris.info

Үкімет Парламентке жаңа Салық Кодексінің жобасын таныстырды. Қоғамның назары – қосымша құн салығының мөлшерлемесі мен оның шегінде ғана болды. Экономист Айбар Олжаевтың пікірінше, біршама басқа да жаңашылдықтар тасада қалып қойды.

Көрінбей қалған тұстарын тізіп шықпас бұрын, жалпы процесстің қалай өткеніне және талқыланған сұрақтарға тоқталып өтейік. Қаржы сарапшысы егжей-тегжейлі барлығын түсіндіріп берді.

Қосымша құн салығы көтерілетіні туралы ақпарат шыққалы қоғамда түрлі сауал қорданалғаны белгілі. Жалпы отырыста депутаттар сол сұрақтың бәрін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен заң жобасын қорғауға келген делегацияға қойды.

Үкімет НДС-ті «0-10-16» мөлшерінде белгілеуді ұсынып отыр. Азық-түлік секілді әлеуметтік маңызы бар салалар қосымша құн салығынан толықтай босатылады. Денсаулық сақтау саласында екі түрлі шкала есептеледі. Үкімет тізімін жасаған дәрі-дәрмектер НДС-тен босатылса, қалғаны 10 пайыздық мөлшерлеме белгіленіп отыр. Қалған кәсіптің бәрі 16 пайыз НДС төлеуге міндетті.

ҚҚС-ты 16 пайызға өсіру көлеңкелі бизнесті көбейтеді деген пікір айтылды. Шын мәнінде, бәрі керісінше болуға тиіс дейді сарапшы.

Біріншіден, жаңа салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимі енгізіледі. Кіріс сомасы 600 МРП-дан аз кәсіпкердің бәрі осы арнайы салық режимі аясында салық төлейді. Дүкен, наубайхана секілді шағын кәсіптердің бәрі осы жеңілдікке ие болады да, қосымша құн салығын төлемейді.

Екіншіден, құрылыс саласы секілді кей салаға берілген салықтық жеңілдіктер алынып тасталады. Министр Жұманғарин осындай қадамның нәтижесінде 1,3 триллион теңге кіріс кіретінін алға тартады.

“Естеріңізде шығар, өткенде BI Group, Bazis секілді компаниялар мемлекетке қомақты салық төлемегені белгілі болып еді ғой. Ендігі жерде осындай ірі құрылыс компаниялардың төлейтін салығы көбейеді», — дейді сарапшы.

Көптеген бизнес көп салық төлемес үшін компаниясын бірнешеге бөліп тастаған. Сөйтіп, салық мүлдем төлемейді не жеңілдетілген салық төлейді. Енді, жаңа салық кодексінде бәріне бірдей салық мөлшері қарастырылғандықтан, бизнесті бірнешеге бөлгенде салықтан үнемдей алмайды. Үлкен, кіші – бәрібір бірдей салық төлейді. Демек, фирмалар өсе бастайды.

«Қосымша құн салығы бүкіл халықты алаңдатып еді. Қазіргі ұсынылып отырған нұсқа компромисті болып шығыпты. Бастысы, осы салық кодексі жүзеге асқан соң бюджетке қосымша 4-5 триллион теңге қаражат түседі», — дейді сарапшы.

Минус 1,3 трлн теңге

Үкімет жалпы сомасы 1,3 триллион теңгеден асатын 128 салықтық жеңілдікті жоюды ұсынып отыр. Бұл бағыттағы өзгерістер салықтық жеңілдіктер жүйесін айқын әрі ашық етуді көздейді – енді олардың берілуі, ұзартылуы мен қысқартылуы нақты ережелер арқылы реттелмек.

«Біз салықтық жеңілдіктерді оңтайландыруға кірістік. Салықтық декларациялар негізінде жалпы 3,4 триллион теңге сомасына 453 салықтық норма жеңілдік ретінде танылған. Бүгінгі таңда біз 1,3 трлн теңгеден асатын сомадағы 128 салықтық жеңілдікті жоюды ұсынамыз. Сонымен қатар, біз бұл салада жаңа, ашық әрі жүйелі тәсіл қалыптастырамыз. Салықтық жеңілдіктің нақты анықтамасы беріліп, оны беру, ұзарту және қысқарту шарттары заңда айқын жазылады. Жыл сайын олардың тиімділігіне мониторинг жүргізілетін болады», — деді Ұлттық экономика министрі,

Аталған 128 жеңілдіктің ішіндегі ең ірісі – қаржы секторына тиесілі, оған 770 миллиард теңге немесе 61,5 пайыз үлес тиіп отыр.

Жаңа Салық кодексі ел экономикасының негізгі салаларына берілетін салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру мен бақылау жүйесін күшейтуді көздейді. Бірінші кезекте – жеңілдіктерге қатысты міндетті мониторинг енгізіледі. Бұл бақылау уәкілетті органдардың жеңілдіктердің шынайы әсерін бағалап, олардың экономикалық өсімге қосқан нақты үлесін талдауына мүмкіндік береді.

Егер жаңа салықтық жеңілдік енгізу қажеттілігі туындаса, сол саланы қадағалайтын мемлекеттік орган нақты негіздеме дайындап, оны салық саясаты жөніндегі уәкілетті органға жолдауы тиіс. Бұл негіздеме Үкімет бекіткен тәртіпке сай болуы қажет.

Бұған қоса, кез келген жаңа салықтық жеңілдікті ұсынбас бұрын, бәсекелестікті қорғау жөніндегі органның мақұлдауы талап етіледі. Бұл шара нарықтағы әділ бәсекелестікті бұзатын қауіптерді азайтып, ұсыныстың заңнамаға толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Егер қандай да бір салықтық жеңілдік күтілген әлеуметтік-экономикалық нәтижеге жетпесе немесе бюджетке теріс әсер етсе, оны қайта қарау ұсынылады. Мұндай тәсіл экономиканың өзгермелі жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді және шешімдердің уақытылы қабылдануын қамтамасыз етеді.

Бұл ретте журналист Гүлмира Сарбасова да ҚҚС талқылауына қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, халықтың асыға күткен өзгерісі орындалмады. Яғни корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі бұрынғы 30 пайызға қайта көтерілмеді. Қазіргі қолданыстағы 20 пайыздық мөлшерлеме кезінде ірі компаниялардың мүддесі қорғалып, кезінде бұл көрсеткіш Мәсімов арқылы лобби жасалған еді.

«Біз ескі Қазақстанның көлеңесінде қашанғы қала береміз? Өз халқының қалтасын қаққан Үкіметке кеңес. Ақша қайда екенін білмейсіздер ме? ҚР Қаржы министрлігінің сайтында мемлекеттік бюджет жарияланған. Сол бюджеттен шашылып жатқан қаражатты тоқтату керек», -деді журналист.

Ол бірнеше айқын мысалдарды келтірді. Айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың зейнетақысы айына 8 300 000 теңге, жылына 99 600 000. Одан бөлек, 2025 жылға Назарбаевтың кеңсесін ұстауға бөлінген қаражат – 2 154 435 000 теңге, бұл шамамен 4 128 000 доллар.

«1991 жылдан 2019 жылға дейін елді басқарған, агроөнеркәсіп пен ауыр өнеркәсіпті күйреткен, қорғаныс өнеркәсібі мен ядролық-космостық мәртебеден айырған, жер мен байлықты шетелге сатып, 200 миллиард доллардан астам қаржыны жымқырды делінетін Назарбаев – дәл қазір елдегі жоқшылыққа қарамастан, бюджет есебінен қамтылуда», — деп шүйлікті ол.

Ай сайын оған 180 000 000 теңге, күніне 6 000 000 теңге бөлінеді екен.

Сондай-ақ журналист бұрынғы ел басшысына қыруар ақша жұмсалғанын айта келе,  еліміздегі мардымсыз әлеуметтік төлемдерге тоқталды.

– Ең төменгі зейнетақы – 28 215 теңге,

– Бала тууына байланысты жәрдемақы – 59 183 теңге,

– 7 жасқа дейінгі мүгедек балаға зейнетақы – 69 886 теңге,

– III топтағы мүгедекке берілетін жәрдемақы – 52 089 теңге.

«Халық күнін көру үшін жанталасып жатыр. Жұмыссыздық өршіп тұр, экономика құлдырап жатыр, инфляция шарықтап, азық-түлік пен коммуналдық қызмет қымбаттап кеткен. Ал халықтың мұқтаждығына Үкімет «ақша жоқ» десе де, Назарбаевқа келгенде табыла кетеді», — деп қосты ол.

Журналист келтірген дерекке сүйенсек, тек 2023-2025 жылдар аралығында бірінші президентті қамтамасыз етуге зейнетақыдан бөлек 5 600 000 000 теңге бөлінген.

Тасада қалған жаңашылдық

Қаржы сарапшысы Мәжілістің жалпы отырысында көзге көрінбей, құлаққа ілінбей қалған тұстарына да тоқталды.

Банк пен құмар ойын саласы 25 пайыз болатын ең жоғарғы корпоративті табыс салығын төлейді. Банктердің рекордты табыс алып жатқанын ескерсек, бұдан бюджетке қомақты қаржы түседі. Және енді банк операцияларына да қосымша құн салығы салынбақ. Демек, болашақта банк қызметі халық үшін арзандайды деп айту қиын, сеебі салық жүктемесінің шығынын банк қызмет комиссиялары арқылы өндіріп алады.

Жарнаманы орналастырғаны және лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемдер алынып тасталады. Бірақ ақпарат құралдары қосымша құн салығынан босатылмайтын сияқты. Осы орайда парламент депутаттары қосымша ұсыныс енгізе алады.

Түрлі салық жеңілдіктеріне ревизия жасалды. Жеке кәсіпкерлерді осы мәселе көп алаңдатқан болатын. Енді үш режим ғана болады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа жеңілдікті режим, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі және шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі.

Оңайлатылған декларациядағы режиммен жұмыс істеу үшін кәсіпкер B2C бағытында болуы тиіс. Яғни бизнеске емес, халыққа қызмет етуі керек. Осы орайда, үй жанындағы дүкендер, халыққа тауар сататындар, шаштараздар, киім тігетіндер, аяқ киім жөндейтіндер сияқты қызмет көрсету өкілдері үшін ештеңе өзгермейді. Оларға уайымдауға негіз жоқ. Кіріс лимиті қазіргідей 600 мың айлық есептік көрсеткіш болып сақталады. Және қызметкерлер саны бойынша шектеулер алынып тасталады. Салық ставкасы 3 емес, 4 пайыз болып бекітілді. Бірақ оны жергілікті мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады.

Байлар енді көп салық төлейді дейді маман. Яғни «сән-салтанат салығы» енгізілмек. Құны 450 миллион теңгеден асатын үйлерге салық көбеймек. Ал бағасы 75 миллион теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ қымбат теңіз кемелері мен ұшу аппараттарына акциздер енгізіледі. Қымбат алкогольдік сусындар мен сигараларға 10% акциздер төленеді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Назван продукт, спасающий сосуды лучше лекарств
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...