
XIX ғасыр – құлаққап тарихының бастауы
Құлаққаптың пайда болуы акустикалық тербелістерді шығаратын алғашқы құрылғының жарыққа шығуымен тығыз байланысты. XIX ғасырдың соңында телефон станциялары өз жұмысын бастады. Бұл жерлерде қызмет атқаратын операторлар бірнеше сағат бойы салмағы үш килограмға жететін дыбыс таратқыш пен қабылдағышты ұстап тұруға мәжбүр еді. Тығырықтан шығу мақсатында компания көмекшісі Белла Эзра Джиллилэнд телефон гарнитурасының прототипіне айналған арнайы бекіткішті ойлап табады.
Натаниэль Болдуин – құлаққаптың атасы
Құрылғының тарихы ерте кезден басталғанымен, оның атасы америкалық Натаниэль Болдуин болып саналады. Юта штатының тумасы 1910 жылы ас үйінде құлаққаптың жетілдірілген моделін жасап шығарады. Оның өнертабысы жаппай тұтынушының құралына айналмай тұрып, әскери салада сынақтан өткен болатын. Жүргізілген зерттеу жұмыстары техниканың басқа аналогтардан екі есе сезімтал екенін анықтады. Бірнеше жылдан кейін Болдуин ұсынған модель барлық әскери-теңіз операторының негізгі байланыс құралына айналды.Радио және құлаққап
Құлақаптар 1920 жылы радио қабылдағыштарды тыңдау үшін қолданыла бастады. Дәл осы уақытта ол ерекше сұранысқа ие болған еді. Америка үкіметі "әр үйге радио" бағдарламасын жүргізіп, құралдың танылуына септігін тигізді.Музыкалық құлаққаптар
ХХ ғасырдың бірінші жартысында құлаққаппен музыка тыңдау мүмкін емес еді. Жас швед өнертапқышы Ойген Байер жағдайды өзгертуге тырысып, құлаққап пен микрофон шығаратын фирманы құрды. Ол 1937 жылы құрылғының дыбыс сапасын жақсартып, әннің тек ішкі арна бойынша ойнауына қол жеткізді. Алайда өнім тек 50-ші жылдардың ортасында кең танымал бола бастады. Музыка әуесқойлары стерео нұсқасы пайда болған кезде ғана құрылғыға мән беріп, назар аударды.Sennheiser және алғашқы ашық құлаққаптар
1968 жылға дейін қолданыста жабық құлаққаптар ғана болған еді. Ашық құлаққаптарды жасаудағы алғашқы тәжірибе осы технологияны патенттеген Sennheiser компаниясына үлкен пайда әкелді. Құрылғы музыка тыңдау кезінде айналада не болып жатқанын бақылауға мүмкіндік берді. Кейіннен Sennheiser бренді осы салада бірнеше рет инновациялық шешім ұсынды. Атап айтсақ, 1977 жылы компания әлемдегі алғашқы Unipolar 2000 электрлік құлаққаптарын шығарды. Олар жауап беру жылдамдығымен және дыбыстың нақтылығымен ерекшеленді. 1998 жылы пайдаланушылар стетоскоп түрінде жасалған RS 2400 құлаққаптарының артықшылықтарын ерекше бағалады.Сымсыз құрылғылар дәуірінің басталуы

Дайындаған: Диана АСАН