Volkswagen жақын арада Қазақстандағы қызметін толығымен тоқтатуы ықтимал, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы Автонарықты мониторингтеу және талдау агенттігінің директоры Артур Мискарян хабарлады. Оның айтуынша, концерн Орталық Азияда жергілікті өндіріс ашуды жоспарлағанымен, әзірге бұл жоспардың тоқтағаны туралы ресми ақпарат жоқ.
2021 жылы елімізде небәрі 4 мың Volkswagen сатылған, бұл жаңа көлік нарығының 3-4%-ы ғана. Бұрын бренд ТОП-10 танымал маркалардың қатарында болса, қазір сатылым күрт азайған. Негізгі үлгілер Калуга мен Нижний Новгородтан жеткізілген, қымбат модельдер Германиядан. Кейінгі жылдары Қазақстанда тек Touareg моделі ғана сатылып қалды.
Алайда Touareg те 2026 жылы өндірістен шығарылады. 2002 жылы Porsche Cayenne-мен бірге жасалған бұл премиум-класс жол талғамайтын көлікті жақында таныстырылған Tayron алмастыруы мүмкін.