Шілде айының соңына қарай теңге айтарлықтай құнсызданып, бір доллар 550 теңгеден асып кетті. Бұл халық арасында үлкен алаңдаушылық тудырды. Ресми дерек бойынша, теңге бір ай ішінде 5,8%-ға, ал жыл басынан бері 4,7%-ға арзандаған. Осы жағдайға байланысты Ұлттық банк валюта нарығына интервенция жасауға мәжбүр болды, деп жазады Ozgeris.info.
Интервенция – бұл Ұлттық банктің теңге бағамын тұрақтандыру үшін валюта нарығына тікелей араласуы. Ол долларды сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асады. Яғни, теңгені шамадан тыс әлсіретпеу немесе күшейтпеу мақсатында әрекет етеді.
Интервенцияның екі түрі бар:
1. Валюта сату интервенциясы
Егер доллар күрт қымбаттап, теңге құнсызданып жатса, ҰБ доллар сатады. Бұл теңгеге деген сұранысты арттырып, бағамды тұрақтандырады.
2. Валюта сатып алу интервенциясы
Керісінше, теңге шамадан тыс күшейіп кетсе, ҰБ доллар сатып алады. Бұл теңге ұсынысын көбейтіп, оның шамадан тыс қымбаттап кетуін тежеуге көмектеседі.
Негізгі мақсаттары:
• Теңге бағамының шектен тыс құбылуын шектеу
• Нарықтағы алыпсатарлық пен дүрлігуді басу
• Қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты сақтау
«Біз бұл араласуды теңге бағамының ауытқуын азайтып, нарықты тұрақтандыру үшін жасадық. Бұл – уақытша шара. Валюта нарығы өзінің ішкі логикасымен жұмыс істеуі тиіс», деп хабарлады Ұлттық банк.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай араласулар теңгені қорғап қана қоймай, инвесторлардың сенімін сақтауға көмектеседі.
Мысал арқылы түсіндірек, мұнай бағасы түсіп кетсе немесе геосаяси жағдай ушықса, инвесторлар теңгеден қашып, доллар алуға ұмтылады. Сол кезде доллар сұранысы күрт өседі де, теңге құнсыздана бастайды. Ұлттық банк интервенция жасап, нарыққа доллар сатады. Осылайша, доллар бағамын тежеуге тырысады. Бүгін биржада 392 млрд доллар сатылып. Көкқағаз құны 543,52 теңгеге түсті.