Әнші Ерке Есмахан сахнаға киіп шыққан киімі мен жұрт алдындағы сөзі үшін сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші сахнаға етегі ашылатын көйлек киемін деп қатты желдің әсерінен өзін еркін ұстай алмай тұрғанын айтты.
«Түу, неге басқа көйлек кимедім деп жыным ұстап тұр. Қолымды ала алмай тұрмын, әйтпесе ашып жібереді», - дейді Ерке Есмахан.
Өнер иесінің бұл сөзі желі қолданушылары тарапынан сынға ұшырады.
«Сахнада қалай сөйлейді, сахналық мәдениет деген қайда?», «Ұят-ай!», «Дым жараспайды», «Ыңғайлы көйлек киіп алмадың ба, енді мынауың не?», - деп жазды желі қолданушылары.