Танымал дінтанушы, ұстаз Нұрсұлтан Рысмағамбетов көз жұмды деген жалған ақпарат тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, «Батыр имам» атанып кеткен Нұрсұлтан Рысмағамбетұлы 30 тамыз күні сағат 23:30 шамасында дүниеден өткен. Бұл туралы Жарқын Мырзатай өзінің TikTok парақшасына жүктеген видеосында айтқан. Айтуынша, қайғылы жағдайға көлік апатынан алған жарақатының асқынуы себеп болған.
Марқұмның жаназасы туған жері — Арал ауданында, 31 тамыз күні сағат 14:35-те орталық зиратта өтеді.
Еске сала кетейік, биыл 25 шілдеде Нұрсұлтан Рысмағамбетов отбасымен бірге жол-көлік оқиғасына тап болған еді.