Алматы полициясы 31 қазанда Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтемемен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл шешім қоғамдық тәртіпті сақтау және көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.Көлік қозғалысын реттеу үшін стадион маңындағы бірқатар көшелерде уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Атап айтқанда, қозғалыс Абылай хан даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтпаев көшелерінің арасындағы аумақта ішінара тоқтатылуы ықтимал.
«Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізіліп жатқан шараларға түсіністікпен қарап, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі біздің басты міндетіміз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар», – делінген хабарламада.
Полиция өкілдері атап өткендей, бұл шаралардың барлығы қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, мәдени шараның жайлы әрі тыныш өтуіне бағытталған.