Түркістан облысы

Түркістанда фельдшерге науқастың күйеуі қол көтерді

Түркістан қаласында медициналық көмек көрсетуге барған жедел жәрдем қызметкері науқастың күйеуінің қолынан зардап шекті деп хабарлайды ozgeris.info сайты arasha.kz сайтына сілтеме жасап.

 

26 жастағы фельдшер Құдырет Мүтәліпов түсік тастау қаупіне байланысты шақырылған жүкті әйелді қарап жатқан кезде оның жұбайы ашуға мініп, медицина қызметкерін бірнеше рет ұрып жіберген. Куәгерлердің айтуынша, ер адам фельдшерді жұдырықпен ұрып, қабырғаға соғып, кейін аяқпен тепкен.

 

Жас маман ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізіліп, травматология бөліміне жатқызылды. Дәрігерлер оның миы шайқалып, басынан жарақат алғанын, жалпы жағдайы орташа ауыр екенін хабарлады. Мүтәліповтің толық жазылуына кемінде екі апта уақыт қажет.

 

Оқиғаға қатысты жәбірленуші мен күдікті тарап өзара келісімге келген. Фельдшер қарсы тарапты кешіріп, полицияға арызданбаған. Ал Түркістан облыстық полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме бермеді.

Барлық жаңалық