Жаңалықтар

Түркістанда 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қаза тапты

Түркістанда 5-сынып оқушысы дене шынықтыру сабағында қаза тапты

Түркістан облысының Шардара ауданындағы Қасым Аманжолов атындағы мектепте қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды Оzgeris.info сайты Qazaq today сайтына сілтемемен.

 

Дене шынықтыру сабағында 5-сынып оқушысы Арнұр Көшербай стадионның қоршауына шығып, абайсызда тайып кетіп жарақат алған. Мектеп өкілдерінің айтуынша, алғашқыда жарақаты ауыр көрінбегенімен, бала дереу ауруханаға жеткізілген.Дәрігерлер операция жасағанымен, Арнұрдың жүрегін аман алып қалу мүмкін болмады.

 

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр. Прокуратураның ұсынысымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі тергеу аяқталғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді.

Барлық жаңалық