Қоғам

Президентіміз жастарға үндеу жасады

Президентіміз жастарға үндеу жасады

Азаматтарға үндеу

Осы орайда барша азаматтарға, әсіресе жас отандастарымызға арнайы үндеу жасағым келеді.

Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, Сіздерге арналған.

Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына өз үлестеріңізді қосуға мүмкіндік беріліп отыр. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңды қабылдауға қатысқан азаматтар ретінде ел тарихында өз іздеріңізді қалдыра аласыздар.

Уақыт өте келе есейіп, өмір тәжірибесі артқан шақта: «Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заңын қабылдауға өз үлесімді қостым» деп мақтанышпен айтуға толық құқыңыз болады.

Қымбатты отандастар! Сіздердің таңдауларыңыз – бюллетеньдегі жай ғана белгі емес. Бұл – нағыз Халық Конституциясы жобасына көрсетілген нақты қолдау.

Жастар Қазақстанды дамудың даңғыл жолына салуға белсенді түрде атсалысатынына сенеміз.

Алдағы уақытта ынтымағы жарасқан, еңбекқор, заңға құрметпен қарайтын, білім, ғылым, мәдениет және зайырлылық құндылықтары берік орныққан қоғам құру міндеті Сіздердің иықтарыңызға жүктеледі.

Сонымен қатар жаппай цифрландыру мен жасанды интеллект күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналатын заманда елді дамыту жолында да белсенді болу – жас ұрпақтың жауапкершілігі.

Сіздің дауысыңыз – нағыз жасампаз отаншылдықтың және азамат ретінде ел болашағына жауапкершілікпен қараудың айқын көрінісі.

Барлық жаңалық