Жаңалықтар

"Денесі табылды": Семейде әйел адам көпірден секіріп кеткен

"Денесі табылды": Семейде әйел адам көпірден секіріп кеткен

Семейде әйел Ертіс өзені бойындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты. 

Полицияға Ертіс өзеніндегі автожол көпірінің астында адам мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Барлық жаңалық