Қазақстанда алдағы референдумға байланысты алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, жеке деректерін алуға тырысып жатыр. Сақ болыңыздар деп ескертеді ozgeris.info сайты.
Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығының мәліметінше, алаяқтар қазақстандықтарға телефон соғып, референдумға қатысу үшін бюллетеньді тіркеу қажет деген сылтаумен SMS арқылы келген кодты айтуын сұрайды.
Сонымен қатар кейбір мессенджерлерде өзін онлайн дауыс беруді ұйымдастырушылар ретінде таныстыратын адамдар азаматтарды «референдум қатысушыларын тіркеу» үшін қоңырау шалып жатыр деген хабарламалар тарауда.
Алайда мамандар мұның алаяқтық әрекет екенін ескертті.
Орталықтың хабарлауынша, референдум кезінде:
азаматтарға қоңырау шалу арқылы тіркеу жүргізілмейді;
SMS кодтарын сұрау қарастырылмаған;
дауыс беру тек дауыс беру учаскелерінде қағаз бюллетень арқылы өтеді.
Мамандар қазақстандықтарды жеке деректерді, SMS кодтарын немесе басқа ақпаратты бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.
Азаматтарға тек ресми ақпарат көздеріне және дауыс беру комиссияларының хабарламаларына сену ұсынылады.