🌐 Әлем

Трамп салығы Қазақстан экспортының 95 пайызына әсер етпейді

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қайта сайланса, Қазақстан тауарларына 25% көлемінде кедендік тариф енгізетінін жазған едік. Ол бұл шешімді «сауда теңгерімсіздігін түзету үшін» қажет деп түсіндірген-тұғын. Ел Үкіметы бұл жаңалыққа жауап қатты, үнсіз қалмады. Билік берген ресми жауапқа сүйенсек,  жаңа тариф ел экспортының 95%-ына әсер етпейді, деп жазады Ozgeris.info.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстан АҚШ-қа негізінен шикізат пен стратегиялық тауарларды – мұнай, уран, күміс, ферроқорытпа, тантал, титан экспорттайды. Бұл – көбіне жаһандық сұранысқа ие өнімдер, әрі олардың импортына АҚШ өзі де тәуелді. Сондықтан Трамп әкімшілігінің кедендік саясаты бұл тауарларға қатысты шектеулерді енгізе қоймас деген үміт бар. Министрлік:

«Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында Үкімет АҚШ әкімшілігіне нақты ұсыныстар жолдады. Қазір келіссөздер жүргізу күні күтілуде», деп хабарлады.

2024 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда айналымы 4,2 млрд долларды құраса, соның 1,97 млрд доллары экспорт. Бұл кейінгі онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш. Оның ішінде шикі мұнай –1,1 млрд доллар (56%), уран 323 млн доллар (16%), күміс 240 млн доллар (12%), ферроқорытпалар 188 млн доллар (9,5%), тантал бұйымдары 17,6 млн доллар (0,9%) болған.

 

 

Барлық жаңалық