МАҢЫЗДЫ

Тоқаев Ресей Мемлекеттік Думасының басшысымен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Мемлекеттік Думасының төрағасы Вячеслав Володинді қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Кездесу барысында көпжоспарлы қазақ-ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын нығайту перспективалары талқыланды. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ еуразиялық интеграцияның перспективаларын қозғады. Президент заңнамалық органдардың елдер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін ерекше атап өтті.
Барлық жаңалық