Жаңалықтар
Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жеңіс күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
Құрметті отандастар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.
Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.
Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз.
Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.
Біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәміл сенемін.
Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
-
"Тәлпіштенбеші": Әкесі туралы айтқан Алау Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)
12:36, 23 маусым 2025
-
Бұрынғы судья Қарлығаш Тәткееваға іздеу жарияланды
12:30, 23 маусым 2025
-
Халық табысының жартысы қайда кетеді?
11:45, 23 маусым 2025
-
Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды
11:27, 23 маусым 2025
-
Әйелің анаң сияқты тілеуіңді тілемейді - Азамат Сатыбалды
10:37, 23 маусым 2025
-
«Хайп үшін»: Аттестатымен әкесінің басына барған мектеп түлегі сынға қалды (ВИДЕО)
09:33, 23 маусым 2025
-
Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті пышақтап өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06:00, 23 маусым 2025
-
-
-
Астанада оқу ұшуы кезінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты
14:20, 22 маусым 2025
-
«Хайп үшін»: Аттестатымен әкесінің басына барған мектеп түлегі сынға қалды (ВИДЕО)
09:33, 23 маусым 2025
-
-
Әйелің анаң сияқты тілеуіңді тілемейді - Азамат Сатыбалды
10:37, 23 маусым 2025
-
Астанада бойжеткенді бұрынғы жігіті пышақтап өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06:00, 23 маусым 2025
-
-
Астанада оқу ұшуы кезінде жеңіл ұшақ апатқа ұшырады: екі адам қаза тапты
14:20, 22 маусым 2025
-
Халық табысының жартысы қайда кетеді?
11:45, 23 маусым 2025
-
БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға соққысын қауіпті эскалация деп атады
15:29, 22 маусым 2025
-
Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланды
11:27, 23 маусым 2025
-
"Тәлпіштенбеші": Әкесі туралы айтқан Алау Нұртас сынға қалды (ВИДЕО)
12:36, 23 маусым 2025
-
"Тұрсынбек екінші әйелімен тұрып жатыр". Мөлдір Мұқанова оқырмандарына жауап берді
10:11, 19 маусым 2025
-
-
«Қатын ұратынын біле ме»: Бұрынғы әйелін сабаған әнші Ғабит екінші рет үйленбек (ВИДЕО)
09:49, 16 маусым 2025
-
"32 мыңға 8 рет виски алдырды": Төрғали Төреәлінің әрекеті желіде талқыға түсті
14:46, 16 маусым 2025
-
«Маған өлердей ғашықсыз»: Мақпал Жүнісова Ермахан Ибрайымды ыңғайсыз жағдайға қалдырды
07:21, 16 маусым 2025
-
-
"Әке, біз сізді мақтан тұтамыз": Айсәуле Бақытбек қаралы хабар айтты
15:38, 20 маусым 2025
-
-
-
«Әке атандырған тұңғышым»: Мейрамбек Бесбаев қызына жазба арнады
01:24, 19 маусым 2025
-
Қазақстанда банктер ипотекалық несие беруді тоқтатқаны рас па?
20:57, 11 маусым 2025
-
"Балаңды не қылсын": Сәкенмен құда болғысы келгенін айтқан Сәдуақасова сынға қалды
09:40, 12 маусым 2025
-
"Жолымды берсін": Зейнеп Ахметова Сәкен Майғазиевтің келініне ерекше сый жасады (ВИДЕО)
07:05, 12 маусым 2025
-
-
"Мынау алжыды, көрінбей отырғаны дұрыс еді": Жұлдыз Әбдікәрімова жұрттың жағасын ұстатты
10:01, 13 маусым 2025
-
"Сандырақтап тұр": Тамара Асардың күйеуі тойда орысша тілек айтып сынға қалды (ВИДЕО)
14:47, 13 маусым 2025
-
Нарық кімнің қолында? Монополияны билік өзі жасап, өзі жойып жатыр ма?
16:48, 05 маусым 2025
-
-
Ерке Есмахан үшінші рет босанды
04:58, 12 маусым 2025
-
Киіктің қаны кімге керек? Ашкөз билік киелі жануарды қыруға дайын
23:50, 28 мамыр 2025