Жаңалықтар

Тоқаев биыл туған күнін атап өте ме

Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ozgeris.info сайты. Ресми мәлімдемеде президент туған күнін атап өтпейтіні айтылған.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Президент бұл датаны атап өтпейді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткен емес. Тоқаев Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнімен құттықтамауын сұраған. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың ұстанымы осындай екенін, оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмағанын айтқан еді.
Барлық жаңалық