Жаңалықтар

TikTok-та танымал болған жас өнерпаз Иса Бекболат «Балқадиша» әніне бейнеклип ұсынды

Атыраудан шыққан жас өнерпаз Иса Бекболат Ақан серінің әйгілі «Балқадиша» әніне түсірілген өз бейнеклипін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

 

Бұл туындыға жол Иса мен оның жаттықтырушысы арасындағы қызықты бәстен басталған. Бәстен жеңілген ол «Балқадишаны» орындап, бейнежазбасын желіге жүктеген. Ән бірден TikTok-та кең тарап, көрермендерден жылы пікірлер жинады.

 

Иса Бекболаттың орындауына тәнті болған Димаш Құдайберген оны Алматыдағы концертіне арнайы шақырып, сахнада «Балқадишаны» орындауға мүмкіндік берді.

 

Жақында жарық көрген жаңа бейнеклип те көрермендердің жоғары бағасын алып, әлеуметтік желілерде өнерпазға қолдау мен сәттілік тілеген пікірлер толассыз жазылуда.

Барлық жаңалық