Қаржылық мониторинг агенттігі Эльмира Төлегенованың сот барысында тергеу кезінде қысым жасалғаны туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
14 сәуірде өткен сот отырысында блогер Эльмира Төлегенова тергеу кезінде өзіне және жұбайына қысым жасалғанын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ ол тергеуші олардың сайтының әзірлеушісінен “15 миллион теңге беруді сұрағанын” мәлімдеді.
“Күдіктілер Е.Жанабылов пен Э.Төлегенова тергеу әрекетіне қорғаушысымен ғана қатысты. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында және қылмыстық іс материалдарымен танысу кезінде аталған тұлғалардан қысым көрсету, қорқыту және ықтимал бопсалау туралы агенттікке, прокуратура органдарына немесе сотқа ешқандай өтініш түскен жоқ”, – деп мәлімдеді ҚМА.