Жаңалықтар

Талғардағы қылмысқа байланысты полицейлердің әрекетсіздігі үшін іс қозғалды

Талғардағы қылмысқа байланысты полицейлердің әрекетсіздігі үшін іс қозғалды

Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданында орын алған резонансты оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты tengrinews.kz сайтына сілтемемен.

 

Тергеу деректеріне сүйенсек, жергілікті полиция қызметкерлері зорлау ісіне күдіктіні дер кезінде қамауға алмаған. Соның салдарынан күдікті кейіннен жәбірленушінің ағасын өлтіріп, оның кішкентай қызын алып кеткен.

 

«Аталған дерек бойынша Талғар ауданы полиция бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 370-бабы 4-бөлігімен іс қозғалды. Оларға қызметтік әрекетсіздік танытып, күдіктіні уақытылы ұстау шараларын қабылдамаған деген айып тағылуда. Қазір істі арнайы прокурорлар өндірісіне алды, тергеу барысы облыс прокуратурасының қатаң бақылауында», – делінген ресми хабарламада.

 

Сондай-ақ, прокуратура жалған ақпарат таратпауға шақырып, тек ресми дереккөздерге сенуді сұрады. Ал қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтер Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Барлық жаңалық