Шығыс Қазақстан облысында жалпы құны 9 миллиард теңгеден асатын заңсыз электр энергиясын сату дерегі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тергеу мәліметінше, бірнеше энергиямен жабдықтаушы компания екі жыл бойы халыққа, әлеуметтік және стратегиялық нысандарға арналған электр қуатын майнинг кәсіпорындарына заңсыз жеткізіп келген.
Пайдаланылған электр көлемі сағатына 50 мегаваттан асқан – бұл шамамен 70 мың тұрғыны бар қаланың толық энергия тұтынуымен тең.
Қылмыстық жолмен табылған қаражатқа ұйымдастырушы Астанада екі пәтер мен төрт автокөлік сатып алған. Қазір тергеу және тексеру жұмыстары жүргізілуде.
ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжанның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес майнинг кәсіпорындарына электр энергиясын сату тек бірыңғай мемлекеттік сатып алушы арқылы және 1 мегаватт-сағаттан аспайтын көлемде ғана рұқсат етіледі.