Жаңалықтар

Шерзат Болатқа қатысты іс қашан сотта қаралады?

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, - деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Оның айтуынша, бұл іс жақын арада сотқа түседі.
"Қазір Шерзаттың ісі прокуратурада зерттеліп жатыр. Алдағы күндері, осы апта ішінде ол сотқа түседі деп күтеміз", - деді Әділов Мәжіліс дәлізінде.
Бірақ ІІМ өкілі сот отырысы нақты қашан басталатынын айтпады.
"Бұл - соттың құзыреті. Іс сотқа түскеннен кейін сот судьяны, негізгі сот талқылауымен кім айналысатынын анықтайды", - деді министрдің орынбасары.
Барлық жаңалық