🏛️ Саясат

Сатжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев қызметінен ресми түрде босатылды. Бұл ақпаратты бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі растады, деп жазады Ozgeris.info. 

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Аблалиев пара алды деген күдікпен ұсталған болатын. Тергеу материалдарына сәйкес, ол 41 миллион теңгеден астам заңсыз сыйақы алған.

Оның ұсталғанын Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ресми түрде хабарлаған еді. Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Барлық жаңалық