«Мен бүгін баспана кілтін алып, үлкен қуанышқа кенеліп отырмын. Осы қуанышты сәтті көп күттім. 10 жылға жуық жалдамалы үйде тұрып келдім, балаларыма ешқандай жағдай болмады. Енді жаңа серпінмен, ақ ниетпен киелі шаңырағымызға кіріп отырмын. Осындай қуаныштың себепшісі болған аудан әкімі Талғат Қайнарбековке, өзгеде азаматтарға алғысымды айтамын», - деп ағынан жарылды жаңа үйдің иесі көп балалы ана Перизат Құдиярова.
Жаңадан беріліп жатқан тұрғын үй заман талабына сай жасақталып, барлық коммуникациялық желілерге қосылған. Сондай-ақ, балалар ойнайтын алаңқаймен қоса автокөлік тұрағы да қарастырылған.
Айта кету керек, 5 қабатты 50 пәтерлі тұрғын үй жұмысына жалпы соммасы 505,630 млн. теңге қаражат бөлінген.
“Ozgeris.info” порталы