Жаңалықтар

Риза Мұсаханова түрмедегі адам шошырлық ахуал туралы айтты

Риза Мұсаханова түрмедегі адам шошырлық ахуал туралы айтты

Алаяқтық үшін екі жыл сегіз ай бас бостандығынан айырылған Риза Мұсаханова бостандыққа шыққаннан кейін түрмедегі өмір туралы ашық айтып берді. Ол бұл туралы Qazaq.Airan жобасына берген сұхбатында бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Democrat.kz сайтына сілтемемен.

 

Оның айтуынша, түзету мекемесінде ұзақ жылдар бойы отырған әйелдер психологиялық және мінез-құлықтық өзгерістерге ұшырайды.

 

“Көп жыл отырған әйелдер өздерінің болмысын жоғалтып алады. Бірі ер адамның рөлін, бірі әйелдің рөлін қабылдап кетеді. Ер адамдарды көптен көрмеген соң, кейбіреулер еркек сияқты болуға тырысады: шаштарын қысқа қырқып, омырауларын таңып тастайды. Сөйтіп, жүріс-тұрысы да, сөйлеу мәнері де өзгереді. Гормондық өзгерістер де байқалады”, — дейді ол.

 

Мұсаханованың айтуынша, жаңа түскен жас қыздар осындай “рөлдік” қатынастардың құрбанына айналады.

 

“Жас, сұлу қыздарды өздеріне тартуға тырысады. Оларға қарсы шыққан жағдайда физикалық қысым көрсетіледі. Уақыт өте келе қыздар көнуге мәжбүр болады, сөйтіп мұндай қарым-қатынастың бір бөлігіне айналып кетеді. Тіпті бір-бірін қызғанып, төбелесетін жағдайлар болады”, — деп еске алады ол.

 

Мұсаханова мұндай жағдайлар түрме ішіндегі жүйелі мәселелер мен бақылаудың жеткіліксіздігінен туындайтынын атап өтті.

Барлық жаңалық